АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Оралда қайғылы жағдай болды. Үй ішінде жанжал шығып, әйел азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуін пышақтаған. Ер адам жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсанда түнгі екі шамасында Кердері көшесінде орналасқан үйде болды.
"37 жастағы әйел жанжал кезінде бірге тұратын азаматтың кеуде тұсына пышақ жарақатын салды. Ер адам жедел жәрдем жеткенше алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген полиция таратқан ақпаратта.
Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.