Оқиға

Нұр-Сұлтанда полицейлер бір отбасы ұйықтап жатқан үйдің есігін бұзып кірді

© AFP 2023 / Kirill KUDRYAVTSEVАвтомобиль дорожной полиции Казахстана у здания у одного из отелей в Астане
Автомобиль дорожной полиции Казахстана у здания у одного из отелей в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Өрт басталып, тілсіз жау шатырға қарай жайыла бастаған кезде үйдегі әйел мен оның үш баласы ұйықтап жатқан  

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өрт салдарынан бүтін бір отбасы, оның ішінде үш бала тірідей жанып кетейін деді. Дер кезінде әрекет еткен полицейлердің арқасында олар ажалдан аман қалды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Сейсенбі күні сағат 05:40-та Өзен көшесінің бойын патрульдеу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеке сектор аумағындағы түтінді байқап қалады. Түтін шыққан үйге жақын келген полицейлер өрттің шатырға қарай ығысып жатқанын көреді.

Аға лейтенант Ерлан Катаев пен Асан Балтабаев уақыт жоғалтпай, үйдің есігін бұзып, ішке кіреді. Олар өрт пештен шыққанын көреді. Бұл уақытта барлық бөлмені түтін басқан.

Оқи отырыңыз: БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды 

Полицейлер қараңғы бөлмелерді аралап, адамдарды іздей бастаған. Олар ұйықтап жатқан 13 жастағы қыз баланы, түпкір бөлмеде ұйықтап жатқан 15 және 9 жастағы екі ұл баланы іздеп тауып, балаларды оятқан. Шудан оянған балалардың анасы өрт шыққанынан бейхабар болған.  

Полиция қызметкерлері әйел мен оның балаларын далаға алып шығып, патрульдік көлікке отырғызып, өздері өрт сөндіруге кіріскен. Тәртіп сақшылары қолда бар құралды қолдану арқылы өз күштерімен тілсіз жаудың бетін қайтарған.

Үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру кезінде оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келген. Өрттен аман қалған отбасының отағасы полицейлерге алғыс білдірді. 

Жаңалықтар
0