Оқиға

Жаркентте ер адамды атып кетті – полиция оқиғаның мән-жайын хабарлады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Фотобанкке өтуПистолет
Пистолет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
3 қаңтарда Панфилов аудандық полиция бөлімшесіне Жаркент қаласында оқ жарақатымен ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Жаркент қаласында 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 3 қаңтарда Панфилов аудандық полиция бөлімшесіне Жаркент қаласында оқ жарақатымен ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы барды. Мамандар ер адамның кім екенін анықтады.

"Ол Жаркент қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Қылмыс ашылды. Оған қатысы бар деген күдікпен қаланың екі тұрғыны ұсталды", - дейді құқық қорғаушылар.

Күдіктілер ер адамды жақтырмаған, сондықтан осы қылмысқа барған. Дегенмен, олардың дәйектері жан-жақты тексеріледі. Қазіргі кезде екеуі де қамауға алынып отыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша ("алдын ала сөз байласып, адамдар тобының кісі өлтіруі") іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.  

Айта кетейік, осы бап бойынша кінәлі деп танылған адамның мүлкi тәркiленуі мүмкін. Он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0