Қоғам

Қазақстандық жүргізушілер көлік салығын қашан төлейді

© Sputnik / Абзал КалиевҚыс, көліктер, кептеліс. Иллюстративті сурет
Қыс, көліктер, кептеліс. Иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке тұлғалар үшін жер және мүлік салығы біріктіріледі, ал көп пәтерлі үйдегі тұрғын үй иелері үшін жер салығы алынып тасталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Президент тиісті заңға қол қойған болатын.

Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтар біріктірілді. Яғни, енді екі салық бірыңғай төлеммен төленеді.

Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталды.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның бірнеше есе асып түсуі себеп болды. Салықтың мөлшері өте төмен, 8 теңгеден 20 теңгеге дейін, ең көп дегенде 100 теңге шығады.

Алайда квитанция толтырып, комиссия төлеу керек, яғни әкімшілендіру оңай емес. Сондықтан ұлттық экономика министрлігі адамдарды бұл салықтан босатуды ұсынған болатын. Осылайша, көппәтерлі тұрғын үйде баспанасы бар 1 миллион азамат жер салығын төлемейді.

Жаңалықтар
0