НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 33 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Бұл қылмыс осыдан бес жыл бұрын, 2016 жылы, жасалған болатын. Алайда оған қатысты ақпарат енді ғана жарияланып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында қылмыстық кодекстің 121-бабы ("кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
"Тергеу кезінде осы оқиғаға қатысты тың жайттар анықталды. Оған сәйкес, 2016 жылы жазда 33 жастағы ер адам Теректі ауданындағы шаруа қожалығында орналасқан қыстақта өз үйінде кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекетті бірнеше рет жасады. Сол кезде қыздың жасы 11-де болды. Қазір ол – 15 жаста", - дейді полицейлер.
Бүгінде күдікті тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Біреуі – 121-бап ("зорлау"). Оған сәйкес, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Екіншісі – 124-бап ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер").
Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.