Қоғам

Аязда бетпердені қалай тағу керек – дәрігерлер кеңес берді

© AFP 2024 / HECTOR RETAMALПожилой человек держит держит маску в руке
Пожилой человек держит держит маску в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маман өздігімен дәріханадан крем және тағы басқа заттарды алмау қажет деп отыр. Кәсіби маман ғана нақты себебі мен терінің күтіміне қажеттісін айта алады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Далада бетпердені адам көп жиналған жерде ғана кию керек. Ал аяз кезінде жиі ауыстырып тұрған жөн. Бұл туралы РИА Новостиге сұқбат берген ресейлік дәрігерлер айтты.

Иван Сеченов атындағы медициналық университеттің тері және венерологиялық аурулар клиникасы емдеу-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, дерматолог дәрігер Николай Арсентьев аяз кезінде бетпердені жарты сағат сайын ауыстыруға кеңес беріп отыр. Сонда беттің терісіне ауа келеді.    

"Негізі, аяз кезінде маска бет терісіне кері әсер етеді. Себебі ішінде ауа буланады. Екі жақтың температурасы екі түрлі болғаннан кейін конденсат жиналады. Әрине, далада мүлдем бетпердесіз жүре алмаймыз. Сондықтан беттің терісіне баса назар аударып, қандай да бір проблема туындаған жағдайда бірден дәрігерден кеңес алған дұрыс", - дейді Арсентьев. 

Маман өздігімен дәріханадан крем және тағы басқа заттарды алмау қажет деп отыр. Кәсіби маман ғана нақты себебі мен терінің күтіміне қажеттісін айта алады.

Ал медицина ғылымдарының докторы, профессор Елена Малинникова далада тек адам көп жиналған жерде ғана бетперде тағуға болады деп отыр. Басқа жерде маскасыз жүрген жөн. Себебі вирус аязда көп ұша бермейді. 

"Далада бетпердесіз тыныс алу керек. Алайда адам көп жүретін жерде бетперде киген дұрыс. Ол, шынымен де, вирустан қорғайды", - деп атап көрсетті Малинникова.

Жаңалықтар
0