Елорда тынысы

Мұндайды күтпеген: түнгі клубтағы астаналықтардың видеосы жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мониторингтік топпен бірге төтенше жағдайлар қызметі мамандарының жүргенін де байқауға болады. Өйткені нысан иелері есік ашпай қояды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Елорда әкімдігі түнгі клубтар мен мейрамаханаларға жүргізілген рейдтердің видеосын жариялады. Мониторингтік топтармен бірге құтқарушылар да жүр. Себебі шағын және орта бизнес иелері есікті ашпайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Мониторингтік топтар қаланың төрт ауданында рейд өткізген. Тексеріс нәтижесінде карантинді бұзған ондаған мейрамхана, дәмхана мен караоке-бар анықталды. Мысалы, Байқоңыр ауданында "Сивый мерин" сыра барында түнде туған күн атап өткен. "Кедровый бор" саунасы да шектеу шараларын сақтамаған. Ал "Шашлыкофф" гриль-барында әлеуметтік қашықтық сақталмады және кальян пайдаланған.

Сарыарқа ауданында санитарлық нормаларды сақтамаған орындар анықтады. Соның ішінде "Аяжан" дүкені, "Октоберфест", "Қарақат", "Қазығұрт" дәмханалары, "207" лаундж-бары, "Осторожно злая собака", "Мясо в тесте" дәмханалары, "Бруно-Бар" ресто-бары мен "Лугано" мейрамханасы бар. 

Осыған ұқсас жағдайлар елорданың басқа аудандарында болған. Шағын және орта бизнес иелері болса мониторингтік топ мүшелерін ішке кіргізбеді. Сөйтіп, тексеріс жасауға кедергі келтірген. Әкімдіктің ресми сайты жариялаған видеодан мониторингтік топтармен бірге төтенше жағдайлар қызметі мамандарының жүргенін де байқауға болады. 

"Қазіргі уақытта карантиндік шараларды қасақана бұзғаны үшін елорданың бірқатар түнгі клубы мен қоғамдық тамақтану нысанына қатысты 8 материал сот қарауында жатыр. Бұрын аталған субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілген. Құқықбұзушыларға қатысты қызметті тоқтата тұру туралы сот актісі орындалмаған жағдайда әкімшілік қамауға алу шаралары қабылданады", - дейді тексерушілер. 

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы алты айдың ішінде шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 1 454 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 283 616 250 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар
0