НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен бір тәулікте коронавирус пен ковидтік пневмониядан қайтыс болғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері жеті адам қайтыс болды. Алтауында ПТР-тестің оң нәтижесі болған. Ал бір науқаста теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері, соның ішінде ковидтік пневмония болды.
Қазіргі кезде 22 710 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 533 науқаста сынама оң нәтиже көрсетсе, 12 177 адамда ПТР тесттің теріс нәтижесі болды. 5 132 пациент стационарда ем-дом қабылдап жатыр. Қалған 17 578 адам амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.
Стационарда жатқан науқастардың жағдай әртүрлі. Олар:
- 288 адамның жағдайы ауыр;
- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, бір тәуліктің ішінде республика бойынша коронавирус (КВИ+) диагнозымен 645 адам анықталды. Ал ковидтік пневмониямен (КВИ-) 38 адам тіркеліп, бір пациент қайтыс болды. 47 науқас жазылып шықты.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Жалпы, пандемия басталғалы бері 157 579 адамнан коронавирус табылған. Бұдан бөлек 1 тамыздан бері 45 984 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетті. 33 298 адам сауығып шығып, 509 науқас қайтыс болды.