Қоғам

Министрлік бір тәулікте індеттен қайтыс болғандардың статистикасын жариялады

Жазылу
Қазір коронавирус пен пневмониядан жиырма үш мыңға жуық адам емделіп жатыр, 266 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Өткен тәулікте алты адам коронавирустан, үш науқас пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 714 адам вирус жұқтырып, алты пациент көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы 156 934 адамда коронавирус диагнозы расталды, соның ішінде 2330 науқас қайтыс болды.

Сондай-ақ, жеті адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты, үш пациент көз жұмды. Бірінші тамыздан бері 45 946 адам пневмониямен ауырды, соның ішінде 508 адам қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қытайлық шенеунік COVID пандемиясы шын мәнінде қалай басталғанын айтып берді

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда 22 833 адам короновирус инфекциясынан (10 646 КВИ+ және 12 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 980 пациент стационарда, 17 853 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

266 науқастың жағдайы ауыр, 54 адам хәл үстінде жатыр, 45 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0