Қазір адамдар шыршаны Жаңа жылға дейін, өте ерте орнатады. Оның үстіне көбі үйіне "тірі" ағашты кесіп әкеліп, безендіргенді қалайды.
Шыршаны мерекеден кейін қайта отырғызу үшін жерді топырақ қатып қалмай тұрып дайындап алу қажет. Тағы бір ескеретін жайт – шыршаны үйде екі аптадан артық ұстауға болмайды.
"Өсімдік үйдің температурасына бейімделуі керек. Сол себепті шыршаны безендірмес бұрын оны балконға немесе гаражға қоя тұрған абзал. Осылайша ағаш бөлме температурасына аз да болса бейімделеді", - дейді көгалдандыру жөніндегі маман Антон Куприян.