Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМодульді инфекциялық аурухана
Модульді инфекциялық аурухана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екінші қаңтардағы жағдай бойынша 22 511 науқас короновирус инфекциясынан емделуде, елу бес адам хәл үстінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте сегіз адам коронавирустан, екі адам ковидтік пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 747 адамда коронавирус диагнозы расталды.

99 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдықты. 1 тамыздан бері   45 939 науқас пневмониямен ауырды, соның 505-і қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, 2 қаңтардағы жағдай бойынша 22 511 науқас короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 846 пациент стационарда, 17 665 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Тағы оқыңыз: Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады

Науқастардың арасында 262 адамның жағдайы ауыр, 55 пациент хәл үстінде жатыр, елу адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар қай өңірде көп тіркелді

  • Шығыс Қазақстан облысында - 18905 (+38),
  • Алматы қаласында – 18639 (+118),
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 18588 (+67),
  • Атырау облысында – 13609 (+65),
  • Қарағанды облысында – 12150 (+40),
  • Батыс Қазақстан облысында – 9256 (+35),
  • Павлодар облысында – 9244 (+113),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8686 (+58),
  • Қостанай облысында – 7623 (+60),
  • Ақмола облысында – 7305 (+58),
  • Алматы облысында – 7181 (+47),
  • Шымкент қаласында -5516 (+4),
  • Жамбыл облысында – 5022 (+15),
  • Маңғыстау облысында – 3724 (+14),
  • Ақтөбе облысында - 3700 (+10),
  • Түркістан облысында – 3678 (+3),
  • Қызылорда облысында - 3394 (+2).

Республикада пандемия басталғалы барлығы 156 220 адамда ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Жаңалықтар
0