Әлем

Жердің ең қарт тұрғыны туған күнін атап өтті

© Photo : СС0 / truthseeker08Қарт адамның қолы
Қарт адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жердің ең қарт тұрғыны осы жылы мамыр айында Токио ойындары Олимпиада алауының эстафетасына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ғаламшардың ең қарт тұрғыны саналатын жапониялық Канэ Танака сенбі күні 118 жасқа толғанын атап өтті, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

Танака 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Жапон әйелі 2018 жылдан бері Жердегі ең қарт тұрғын атағына ие.

Былтыр қараша айында "Маинити" газеті Жердің ең қарт тұрғыны 2021 жылдың мамырында Токио ойындары Олимпиада алауының эстафетасына қатысатынын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады

11 мамырда мүгедектер арбасына таңылған Танака алаумен 200 метрді жүріп өтеді деп жоспарланып отыр. Танака эстафетаға 2020 жылы қатысуы керек еді, алайда ол пандемияға байланысты уақытша тоқтатылды.

Олимпиада ойындары 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Жаңалықтар
0