Қоғам

2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады

© REUTERS / ANTON VAGANOV"Спутник V" вакцинасының өндірісі
Спутник V вакцинасының өндірісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік "Спутник V" вакцинасын егу ақпан айында, ал отандық QazCovid-in наурыз айынан бастап егіледі деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. 2021 жылы Қазақстанда азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасын жаппай егу 2021 жылдың ақпан айында басталады деп жоспарланып отыр.

Екпе, бірінші кезекте, ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтың өкілдеріне салынады.

Бұған дейін Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде болып, "Спутник V" вакцинасының өндірісін іске қосқан болатын. Кешен базасында екі миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы отандық вакцинамен жаппай егу басталады.

19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.

Көктемде Жамбыл облысы Қордай ауданында биофармацевтика зауыты іске қосылады. Кәсіпорын жылына 60 миллион доза вакцина шығаруға қауқарлы.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейтінін мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар
0