Қоғам

Қазақстанда коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат жарияланды

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКБыли продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления
Были продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте коронавирустан тоғыз, пневмониядан төрт адам қайтыс болды. Қазіргі таңда 22 275 науқас короновирустан емделіп жатыр  

АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 753 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды.

Соның ішінде Алматы қаласында 110 адам індетке шалдыққан, Атырау және Павлодар облыстарында вирус 94 адамнан анықталды. Нұр-Сұлтанда 75, Қостанай облысында 58 науқас тіркелген. Одан кейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр – 57 науқастан. Алматы облысында 51 адам, Қарағанды облысында 42, Шығыс Қазақстан облысында 41 адам ауырып қалды. Батыс Қазақстанда 29,Жамбыл облысында 12, Маңғыстауда  9, Түркістан облысында 8 адам инфекция жұқтырды. Қызылорда облысында алты, Ақтөбе облысы мен Шымкентте бес науқастан анықталды.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 155 473  адамға жетті.

Оқи отырыңыз: Ер адам коронавирустан қорғанамын деп өліп кете жаздады 

Өткен тәулікте 117 адам пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 45 723 адам пневмониямен ауырды.

Сонымен қатар өткен тәулікте тоғыз адам коронавирустан, төрт адам пневмониядан қайтыс болды.

1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 275 адам короновирус инфекциясынан емделуде, соның ішінде 4 774 пациент стационарда, 17 501 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастардың арасында 265 адамның жағдайы ауыр, 53-нің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 46 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0