АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан аруын" ұйымдастырушылар "Әлем аруы" халықаралық байқауында елдің атынан кімнің қатысатынын хабарлады.
Бұған дейін "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауы Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі шоуды 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Коронавирус пандемиясы кезінде жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әсіресе осы қиын кезеңде "Қызылорда аруы – 2019" байқауының жеңімпазы, 18 жастағы Камилла Серікбай адалдығымен және басқаларға көмектескісі келетін қасиетімен ерекшеленді. Сондықтан "Қазақстан аруы" байқауының дирекциясы Камиланы "Әлем аруы-2021" байқауына жіберуге шешім қабылдады. Оның "Әлем аруы" халықаралық байқауында біздің мемлекетіміздің абыройын лайықты түрде қорғайтынына сенімдіміз", - деп жазды "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Камилла Серікбай 2019 жылы "Қызылорда аруы" атанды. Бойжеткен Сүлеймен Демирел атындағы университетте "қолданбалы құқық" мамандығы бойынша оқиды. Каратэмен бала кезінен айналысады. БҰҰ елшісі болуды армандайды.