Қоғам

ІІМ басшысы жаңа жыл түні Нұр-Сұлтанның полицейлерін тексерді – видео

© Photo : МВД РКПолицейский в ЦОУ
Полицейский в ЦОУ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев сондай-ақ елордадағы кезекші нарядтарды жаңа жылмен жеке құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа жыл түні астаналық гарнизонның бөлімшелерін аралап, олар қалай қызмет атқарып жатқанын және жол қауіпсіздігін тексерді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі өңірлерден алынған мәліметтерге сүйене отырып, елдегі жағдай тұрақты екенін атап өтті.

"Бүгінде 30 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері еліміздің көшелерінде қызмет етіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде бір жарым мың қызметкер жұмыс істеп жатыр. Жедел басқару орталығы қаладағы жағдайды бақылап отырады. Нарядтар келіп түскен барлық хабарламаға жедел жауап береді.

"Қазіргі уақытта мыңға жуық қоңырау келіп түскен, олардың басым бөлігі – тыныштықты бұзу, отбасылық жанжал, қараусыз қалған заттар және шағын жол апаты сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар", - деп толықтырды Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкент тұрғындары үш полицейді ұрып-соқты

Министр жаңа жыл қарсаңында қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, азаматтардың тыныштығы кезекші нарядтардың жұмысына байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қазақстандыққа зор денсаулық, бақыт тіледі.

Жаңалықтар
0