НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Былтыр қазақстандықтар коронавирус пандемиясы салдарынан біраз уақыт карантинде отырды. Шектеу шаралары әлі де жалғасып келеді. Оффлайн байланыс азайып, жұрт онлайн қарым-қатынас жасауға көшті. Интернет желісін пайдалану көлемі артты. Бүгінде сан алуан платформаларда видео көру және музыка тыңдау көрсеткіші айтарлықтай өсті. Sputnik Қазақстан 2020 жылы қазақстандықтар ең көп көрген фильмдер мен клиптерге шолу жасады.
Былтыр елімізде көңіл көтеретін фильмдерге сұраныс жоғары болды. Бұл үрдістің өзіндік себебі бар. Карантинге байланысты халық үйден көп шыға алмады. Адамдар төрт қабырғаға қамалды, жүйкесі жұқарды, күйзеліске түсті. Мамандардың айтуынша, адамдар көңіл-күйін көтеру үшін комедиялық контентті көп іздеген.
2020 жылы Youtube-те отандық комедияларды көп көрген. Үздік ондықты Нұртас Адамбайдың "Әкім" атты фильмі бастап тұр.
Үздік бес орындаушы:
- Скриптонит
- MORGENSHTERN
- The Weeknd
- Drake
- Travis Scott
Қазақстандықтар K-Pop жанрын да көп тыңдайды. Мәселен, танымал бес топтың ішінде үш бірдей орынды K-Pop алып отыр. Соның ішінде BLACKPINK мен Stray Kids қыздар тобы бар. Ал бірінші орында – кәрістің BTS тобы. Биыл олар әлемдік феномен атанған болатын. Кәріс әншілерінің ағылшын тіліндегі алғашқы "Dynamite" атты синглы жаһандық рекорд орнатты. Осы шығарма Spotify-ға шыққаннан кейін 24 сағаттың ішінде 12,6 миллион рет тыңдалған.
- BTS
- BLACKPINK
- Miyagi & Andy Panda
- Stray Kids
- Rauf & Faik