Әлем

Қала басшысы сөйлеп тұрған кезде болған жағдай жұртты шошытты – видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуКамера
Камера - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде Хорватияның Петриня қаласында мэр сұқбат беріп тұрған уақытта болған жойқын жер сілкінісінің видеосы пайда болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. 28 желтоқсанда Хорватияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болды. Келесі күні дүмпулер қайталанып, магнитудасы 6,3-ке жетті. Петриня қаласы тұрғындарының саны - 20 мың. Шаһар жер сілкінісі эпицентрінен небәрі үш шақырым қашықтықта болған. Бұл елде биыл болған ең жойқын жер сілкінісі, деп хабарлады Еуропалық-Ортатеңіз сейсмологиялық орталығы.

Петринядағы дүмпулер қала басшысы Даринко Думбович бірінші жер сілкінісі салдары туралы сұқбат беріп тұрған кезде қайталанды. Ролик жергілікті Hrvatska radiotelevizija телеарнасында жарияланды.

Мэр журналистердің сауалына жауап беріп тұрғанда жер сілкіне бастады. Тілшілер шошып, бір-бірінен ұстанып, айқайлай бастады.

БАҚ хабарлауынша, қалада ғимараттардың жартысына жуығы қирады. 12 жасар қыз көз жұмды, жүздеген адам зардап шекті.

Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович журналистерге қала өмір сүруге жарамсыз болып қалғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0