Қоғам

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір 22 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың арасында 270 адамның жағдайы ауыр, 48 пациент хәл үстінде

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі індеттен бір тәулікте қанша адам қайтыс болғанын хабарлады.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан он адам, ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды.

Сонымен қатар, 93 адамның коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққаны анықталды.

Ведомствоның ақпаратынша, қазір 22 102 науқас короновирус инфекциясынан (9 961 КВИ+ және 12 141 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 959 пациент стационарда, 17 143 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.  

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қатысты соңғы мәлімет жарияланды

Науқастардың арасында 270 адамның жағдайы ауыр, 48 пациент хәл үстінде жатыр, ал 44 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0