Sputnik биыл әртүрлі елде пайда болған ең ерекше маскаларды назарға ұсынады.
Түрік зергері алтын мен күмістен бетперде жасап шығарған. Соған қарағанда шебер жұрттың алдында үнемі жарқырап жүруді көздеген сияқты.
Масканың салмағы небәрі 25 грамм, ішкі жағында жібек астары бар. Зергердің айтуынша, бетперде тыныс алуды қиындатпайды.
Күміс аксессуар 190 еуро тұрса, алтыннан жасалғаны екі мың еуродан асады.
Ал Жапонияда анимені жақсы көретін студенттер телеэкраны бар бетпердемен таңғалтты. Ол адамның бетін сүйікті мультфильмдегі аватарға "айналдырады".