НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченкоға кіре берісте жел генераторы отқа оранды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.
Өрт туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 31 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да түскен. Форт-Шевченко маңында орналасқан жел электр станциясындағы №24 генераторда өрт шыққан.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров оқиға орнында Түпқаран ауданының өрт сөндіру қызметінің екі техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі жұмыс істегенін мәлімдеді. Олар механикаландырылған пост ұйымдастырған.
Оқи отырыңыз: Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Әбдіқадыровтың айтуынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.