Қоғам

Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

© Photo : obozrenie.kz/Станислав МанаковПамятник Абаю открыли в Павлодаре
Памятник Абаю открыли в Павлодаре  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
СІМ бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Иордания астанасы Амман қаласында Абай атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Шараға Қазақстанның Иорданиядағы төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Тұматов және қала билігі қатысты.

"Абайдың  175 жылдығы аясында Иордания астанасындағы орталық көшелерінің біріне қазақтың көрнекті ақыны мен ойшылының есімін беру екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі болса керек", - деді Тұматов.

Ал Амман қаласы муниципалитетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Исмаил әл-Бустанджи бұл іс-шара бауырлас қазақ халқының мәдениетінің жарқын өкілі болып табылатын классиктің жоғары шеберлігіне деген құрмет екенін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Грузия астанасы Тбилиси қаласында орталық көшелердің біріне Абайдың есімі берілген болатын. Ал Түркия мен Румынияда ұлы ойшылдың мемориалды тақталары ашылды. Бұдан бөлек, Қырғызстанның Осмонов атындағы ұлттық кітапханада, Босния мен Герцеговинада Абай Құнанбаевтың мүсіндері орнатылған.

Биыл Қазақстанда бір әуежайға, алты мектепте, үш даңғылға және он көшеге Абайдың аты берілді. Республика бойынша жеті ескерткіш және екі мүсін орнатылды.

Жаңалықтар
0