Өңірлер

Ақтауда әскери комиссариатта ешкім күтпеген оқиға болды – куәгерлердің видеосы

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПризыв на военную службу, архивное фото
Призыв на военную службу, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңадан әскерге шақырылғандарды автобусқа отырғызып жатқанда олардың бірі сытылып шығып, бой тасаламақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда қашып кетпек болған әскерге шақырылушы ұсталды, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 30 желтоқсанда әскерге шақырылушыларды автобусқа отырғызып жатқан кезде болған. Жастардың бірі әскерге шақыру орнының қақпасынан қашып шыққан. Әскери комиссариаттың екі қызметкері оның соңынан қуады, бірақ қуып жете алмаған.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Жігітті полиция патрулі ұстап, әскери комиссариатқа қайтарды.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда осыған ұқсас оқиға Оралда болған еді. Әскерге шақырылушылардың бірі терезеден секіріп кетті. Ол әскерге шақыру комиссиясының қызметкерлері қысым көрсетіп, күш қолданғанын айтты.

Терезеден секіріп кетті: Оралда әскери комиссариатта болған оқиғаның мән-жайы 

Жас жігіт омыртқасын жарақаттап, аяғын сындырып алған. Жалғыз баласына араша түскен анасы бұқаралық ақпарат құралдарына болған жағдай туралы айтып берді. Оның айтуынша, әскери комиссиядан әскери борышты өтеуді кейінге қалдыруда сұраған, бірақ олар бас тартқан. Әскери комиссариат қызметкерлері болған оқиғаға кінәлі емеспіз деп отыр.  

Жаңалықтар
0