Қоғам

"Бізге де солай көмектессін": Алматы тұрғындары президенттен көмек сұрады

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атышулы компаниялардан зардап шеккендердің саны 17 мыңнан асып кеткен, шығын мөлшері – 22 миллиард теңге

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Алматыда "Гарант 24 ломбард", "Еstate ломбард", "Выгодный займ" мен "Нұр-Әли Капитал" қаржы пирамидаларына алданғандар тағы да арызын айтуға жиналды. Қолына плакат ұстап шыққан тұрғындар президенттен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендер әлі күнге дейін ақшасын қайтара алмай отыр. Барлығы миллиардтаған қаражат енді мүлдем қайтарылмай қалады деп қауіптенеді.

"Салған сомам – 3 миллион теңге. Оны банктен несиеге алдым. Отбасым, әпкелерім, апам, ата-анам, тағы басқа достарым бәрі осы компанияға ақша салды. Кім бұл компанияға екі жыл бойы жұмыс істеуге рұқсат берді?!  Мемлекет берді. Енді солай бізге де көмектессін. Қалай рұқсат берді, осы алаяқтарға, тура солай көмектессін", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ақкенже Ғұмарова.

Ресми мәліметке сәйкес, жылдың басында заңсыз әрекеті әшкере болған атышулы компаниялардан зардап шеккендердің саны 17 мыңнан асып кеткен. Ал шығынның мөлшері – 22 миллиард теңге.

Тағы оқыңыз: Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды

"Гарант 24 ломбард", "Еstate ломбард", "Выгодный займ" және "Нұр-Әли Капитал" серіктестіктерінің басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткен айда аяқталды.

Барлығы 50 адам күдікке ілінсе, соның 33-і соттың санкциясымен қамалған. Қалған бес күдікті үй қамағына алынса, 12 адам ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен бостандықта жүр. Бұдан басқа, 6 күдіктіге іздеуге жарияланып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған барлық азамат қылмыстық іс материалдарымен танысуға Ақтөбе қаласы Жұбановтар көшесі, 271А, мекенжайы бойынша Ақтөбе облысы ПД-не жұмыс күндері сағат 09:00-дан 18:30-ге дейін келе алады", - деді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Жаңалықтар
0