АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. ТМД елдерінің ұзақ мерзімді байқаушылары Қазақстандағы парламент сайлауына мониториг жасауды жалғастырады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
"ТМД елдері байқаушылары миссиясын қалыптастыру аяқталуда. Оның құрамына 200-ден астам адам аккредиттеледі деп жоспарланып отыр. Достастық мүшелері, мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы мүшелері де бар", - деді орталық сайлау комиссиясы.
28-30 желтоқсан аралығында ТМД елдері байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Козяк Қазақстан халық партиясы, "Ақ жол", ADAL және Nur Otan жетекшілерімен кездесті.
Жиын барысында саяси партия өкілдері үгіт-насихат науқаны, сайлауалды бағдарламалары жайлы айтты.
ТМД елдерінен келетін халықаралық байқаушылар Қазақстан заңдарына негізделіп жұмыс істейді. Мемлекеттің ішкі мәселесі мен сайлау процесі барысына араласпайды.