Оқиға

Өскеменде трамвай ер адамды қағып кетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуТрамвай, архивное фото
Трамвай, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала хабарланған мәлімет бойынша, ер адам рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өткен. Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болды. Трамвай 62 жастағы ер адамды басып кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 30 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Абай даңғылындағы "Старт" сауда үйі ауданында болды. 

Алдын ала хабарланған мәлімет бойынша, ер адам рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен. Ол жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Полиция марқұмның кім екенін анықтады. Облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазір полиция қызметкерлері тексеру жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0