Өңірлер

Түркістан облысында жаңа аудан құрылады

© Photo : скрин видеотрансляцииПодписание совместных документов президентами стран на XV Форуме межрегионального сотрудничества в Петропавловске
Подписание совместных документов президентами стран на XV Форуме межрегионального сотрудничества в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгерді

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жаңа аудан құрылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округі аумағынан жаңа аудан құрылады. Мұны аймақ басшысы Кентау қаласына келіп, тұрғындармен кездескен кезде мәлімдеді.

"Жаңа аудан құру жөнінде мемлекет басшысына ұсыныс жасадым. Ұсынысым мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Осы ұсыныстың негізінде жаңадан құрылатын ауданға  "Сауран" атауын беріп, орталығы етіп Шорнақ елді мекенін бекітуді орынды деп санаймын", – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар бұл шешім қабылданар сәтте Кентау қаласы өз тарихында полиметалл рудасын өндіретін өнеркәсіптік қала ретінде дамығандығы ескерілген.

"Кентау қаласындағы елді мекендердің дамуына қанша көңіл бөлгенімен, ары қарай дамыту бағыттары мені көптен бері толғандырып жүрген мәселелердің бірі болатын. Себебі Кентау қаласы шекарасының кеңеюі, тұрғындар санының екі есеге артуы, 12 ауылдық округтің Кентау қаласында орналасуы қала деңгейін аудандық деңгейге көшкенін көрсетіп отыр. Кентаудың аудан орталығына айналуы қала дамуының баяулауына және ауылға жеткіліксіз көңіл бөлінуіне әкелуі мүмкін", - деді Шөкеев.

Айта кетейік, 2018 жылы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгерді. Облыстың орталығы Түркістан қаласы болды. Соған байланысты Түркістан ауданына қарасты елді мекендер Кентау қаласына қарайтын болды.

 

Жаңалықтар
0