АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Олар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Президенттер екіжақты әріптестік аясындағы кейбір мәселелерді талқылады. Олар Қазақстан мен Ресей стратегиялық байланысының дамуына көңілі толатынын жеткізді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Тоқаев пен Путин коронавирус пандемиясына қарсы бірлескен күресті одан әрі нығайту жайын сөз етті.
Қазақстанда ресейлік вакцинаны өндіру ісін ұйымдастыру да назардан тыс қалмады.