НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев өңірдегі карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, өңірде мынадай тыйымдар мен шектеулер қолданылады:
- ашық және жабық ғимараттарда ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларын және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- жеке үй-жайлар мен құрылымдарды бұқаралық корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салу;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, қорқор бөлмелері, компьютер клубтары, ойын клубтары, букмекер кеңселер, лото терминалдары бар объектілер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кино-театрлар, батуттар мен балалар және ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарықызметіне тыйым салу;
- кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу (кезекші топтарға 15 адамнан аспайтын баланы жинап жұмыс істеуге рұқсат етіледі);
- 30-дан аспайтын адамның қатысуымен өтетін жеке, топтық дайындықты қоспағанда, театрлардың қызметіне тыйым салу;
- 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық ертеңгіліктер, мерекелік корпоративтік шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
- фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
- спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;
- кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимінде өткізуге тыйым салу.
Сонымен қатар, санитар дәрігердің қаулысы төмендегі шараларды өткізуге рұқсат береді:
- 2020-2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балалар санын 15 адамнан асырмай, дәстүрлі форматта оқыту, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 4-ге дейінгі сыныптарда, ата-аналарының өтініші бойынша балалар саны 15-тен аспайтын сыныптардың толық жиынтығын ескере отырып оқыту;
- мектеп бітіруші 11және 12-сыныптар үшін аптаның 6 күнінде аралас білім беру: 70% пәндер штаттық режимде, 30% - қашықтықта (сыныпта 15 адамнан көп емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, "1 сынып - 1 кабинет" принципі бойынша оқыту) - мектепте бір мезгілде жобалық қуатының 30% -інен аспайтын болуы, санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыларды сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқыту;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін екінші семестрінен штаттық оқытуға рұқсат беру;
- толымдылық қуатының 30%-інен асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне жекелей рұқсат беру;
- гүлдер дүкендерінің қызметіне уақытын шектеусіз рұқсат беру;
- толымдылық қуатының 20%-інен асырмай, сағат 23:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сауда орталықтарының (ойын-сауық орталықтарын, фудкорттарды, кинотеатрларды қоспағанда), сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің қызметіне рұқсат беру;
- толымдылығық қуатының 20%-інен аспаған және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 20:00-ге дейін шектеумен, азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін жабық базарлардың қызметіне рұқсат беру;
- толымдылық қуатының 20%-інен аспаған және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік және азық-түлік емес базарларының (ғимараттан тыс) жұмыс тәртібін шектемей, қызметіне рұқсат беру;
- Толымдылық қуатының 20%-інен аспаған және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда азық-түлік дүкендерінің қызметіне 8: 00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беру;
- Толымдылық қуатының 20%-інен аспаған және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда, жұмыс тәртібін сағат 20:00-ге дейін шектеумен азық-түлік емес дүкендерінің қызметіне рұқсат беру;
- ғимарат ішіндегі жалпы 30 орыннан асырмай, әлеуметтік арақашықтықтың, отырғызылуын, үстелдердің көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр арақашықтықта орналастырылуын және бір үстел алдында 4-6-дан аспайтын адамдардың отырғызылуын сақтап, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа жаппай өткізілетін іс-шараларды өткізусіз, сағат 8:00-ден бастап 22:00-ге дейінгі жұмыс тәртібімен қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, кафе, барлар, асханалар мен басқа нысандар) қызметіне, жеткізу\алып шығу форматында – уақытын шектемей рұқсат беру;
- Ұжымдық іс-шараларды өткізбей, толымдылығы 50% дейін, 30 отыратын орыннан аспаған, жеке кірер жері болған жағдайда, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне жұмыс уақытын 22.00 дейін шектеу тәртібімен рұқсат беру;
- алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызметтерді ұсынатын нысандардың жұмысына рұқсат беру.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.