Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

Жазылу
Пандемия басталғалы Қазақстанда 2 274 адам коронавирустан, ал бірінші тамыздан бері 498 науқас пневмониядан көз жұмды

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан, бес адам пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар бір тәулікте 726 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 170 адам пневмонияға шалдықты.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 070 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 072 пациент стационарда, 16 998 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады

Жалпы науқастардың арасында 257 адамның жағдайы ауыр, 45 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 41 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 2 274 адам коронавирустан, ал бірінші тамыздан бері 498 науқас пневмониядан көз жұмды.

Жаңалықтар
0