Өңірлер

Ақтөбеде есінен танып қалған келіншекке ем-дом жасаған дәрігер сотталып жатыр

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде гинекологияда қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты сот басталды. Қара жамылған отбасы соттан кінәлілерді жазалауды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде жеке клиникада қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты сот басталды.

Былтыр гинекологтан ем алмақшы болған 20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова дәрі еккеннен кейін есінен танып қалған. Соған қарамастан дәрігер құрсағын тазартуға кіріскен, деп хабарлады КТК.

Қыршын кеткен келіншектің өліміне қатысты акушер-гинеколог сот алдында жауап беріп жатыр. Ол келіншекке сол күні ем-дом жасаған. Ал қандай дәрі егу керектігін айтқан жеке клиниканың басшысы куәгер ретінде жауапқа  тартылыпты.

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды

Бірақ дәрігерлер Гүлдана Нұрмағанбетованың өліміне еш қатысымыз жоқ деп отыр. Олардың айтуынша, келіншек анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Ал айыптау актісінде жатыр жолын тазартуға екпе салып, гидротрубация деп аталатын емге кіріскен кезде жаны үзіліп кеткені айтылған. Онымен қоса дәрінің мөлшерін арттырып жібергені анықталған. Осының кесірінен келіншектің құрсағы жарылады.

Қара жамылған отбасы соттан кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр. 

Жаңалықтар
0