НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 70
- Алматы қаласы - 80
- Шымкент қаласы - 2
- Ақмола облысы - 55
- Ақтөбе облысы - 2
- Алматы облысы - 66
- Атырау облысы - 124
- Шығыс Қазақстан облысы - 51
- Жамбыл облысы - 18
- Батыс Қазақстан облысы - 45
- Қарағанды облысы - 39
- Қостанай облысы - 61
- Қызылорда облысы - 1
- Маңғыстау облысы - 4
- Павлодар облысы - 58
- Солтүстік Қазақстан облысы - 60
- Түркістан облысы - 3
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 153 199.
Еске сала кетсек, елде 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтілді.
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пунктерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне назар аударды.
Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.