НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қабардин батыры Жамболат Хатохов 21 жасында Нальчикте қайтыс болды. Ол 2003 жылы әлемдегі ең үлкен бала ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамболат Хатоховтың қайтыс болғаны туралы Ресейдің мас-рестлинг бойынша жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Бетал Губжев Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы, Қабардин-Балқар Республикасының тұңғыш сумо палуаны Жамболат Хатохов дүниеден озды", – деп жазды ол.
Жаттықтырушы Хатоховтың қайтыс болу себеп-салдары туралы ештеңе жарияламады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамболат Хатохов 1999 жылы 24 қыркүйекте Қабардин-Балқардағы Терек қаласында дүниеге келген.
Бір жасында оның салмағы он жеті килограммға сәл ғана жетпеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамболат бірінші сыныпқа барғанда салмағы 115 келі болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Он жеті жасында оның салмағы 230 килограммға жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Одан кейінгі бір жыл ішінде ол 50 келіден артық салмақ тастады. Яғни, он сегіз жаста оның салмағы 176 килограмм болды.
Оқи отырыңыз: Қарындағы май несімен қауіпті – дәрігерлер бірнеше себепті атады