Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрліктің бұрынғы қызметкерлерінің кінәсі дәлелденсе, оларға үш жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеуге кедергі келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың аты-жөні жарияланбады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"23 желтоқсанда денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды және өзге де тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 407-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген қаржы мониторингі комитеті таратқан хабарламада.

Бұл тұлғалардың қылмыстық процеске қатысы болмаса да, денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинап, жариялау арқылы тергеуге кедергі келтіргені үшін айыпталып отыр.

"Қазақстан Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді комитет мамандары.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды – қылмыстық істің мән-жайы

Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаржы мониторингі комитетінің басшысы Жанат Еламановтың айтуынша,  күдікті ақпараттық жүйелерді жасауға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржыны ысырап еткені үшін айыпталып отыр. Бұрынғы вице-министр ақпараттық жүйелерді құру шаралары аяқталмаса да, атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Бұл қылмыс екі жыл бұрын жасалған.

Ал қараша айында қаржы мониторингі комитеті бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тергеуге алынғанын жариялады. Ол да бюджет қаржысын ірі көлемде ысырап еткені үшін айыпталып отыр.

Жаңалықтар
0