АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Екі бозбала туған күн мен Жаңа жылды тойлау үшін Маңғыстау облысынан Алматыға келген. Олар туыстарына бізді бөтен біреулер күштеп ұстап отыр деп хабарлаған. Жігіттерге іздеу жарияланды, деп жазды Polisia.kz.
Жастар үйден 23 желтоқсанда кеткені анықталды. Олардың бірі 17 жаста, екіншісі жуықта 18 жасқа толған.
"Туған күнді және келе жатқан Жаңа жылды атап өту үшін жастар мегаполиске келген. Олардың бірінің әпкесі байланысқа шығады. Жігіттер оған бізді Алматыда бейтаныс адамдар күштеп ұстап отыр деп айтқан. Қауіпті ақпарат біздің қолымызға түсті. Дереу іздеу тобын құрдық", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Ақмола облысында 5 күн бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
Полиция "жоғалып кеткендерді" тұрғын үй кешендерінің бірінен аман-есен тапты. Олардың жанында бөтен адамдар болмаған.
Ата-аналарының келісімі бойынша жігіттер Алматыдағы туыстарына берілді. Жастармен түсіндіру жұмысы жүргізілді.