НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.
"Қазақстанның Тұңғыш президенті Бердібек Сапарбаевқа "Қамқорлық" бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысының әкімі коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдырды
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.