НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Көктал-2 және Агроқалашық елді мекендерінің бір бөлігінде үйлерге газ қосыла бастады, деп хабарлады астана әкімі Алтай Көлгінов.
"Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғаш болып қосылған – Железнодорожный елді мекені. Ол орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қараша айында қол жеткізді", - деп жазды қала басшысы Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үйлерді қосу үшін 750-ден астам тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алды. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан астам адамға кеңес берілді.
Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендетілді.
"Бұл елді мекен тұрғындары газ қосу үшін "Қазтрансгаз Аймақ"АҚ-ға (Республика даңғылы, 24, "Парасат" СО) барып, көмек ала алады. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады.
Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауап береді", - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.
Сондай-ақ Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
Астананы газдандыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады.
Осы жылыту маусымында ЖЭЦ-1 мен ЖЭЦ-2-нің бірқатар су жылытқыш қазандығы да газға ауыстырылды.