Елорда тынысы

National Geographic фотографтары елорданың суреттерінен көрме ұйымдастырды

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыNational Geographic фотографтары елордада көрме ұйымдастырды
National Geographic фотографтары елордада көрме ұйымдастырды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фотосуреттер күнделікті өмірді, әлеуметтік, іскерлік және мәдени өмірді, елорданың жарқын сәттерін бейнелейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. National Geographic фотографтары Тәуелсіздік сарайында Нұр-Сұлтан суреттерінен фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Ұлы дала жүрегі" көрмесіне қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмысы қойылған. Олардың арасында фотосуреттері бүкіл әлемге таралған Джордж Стейнметц, Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Турар Казангапов сияқты National Geographic-тің танымал фотографтары, сондай-ақ танымал отандық фотографтар Александр Куприенко, Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқалар бар.

Оқи отырыңыз: Елордада тағы бір мамандандырылған ХҚКО ашылды 

Фотосуреттер күнделікті өмірді, әлеуметтік, іскерлік және мәдени өмірді, елорданың жарқын сәттерін бейнелейді. Сонымен бірге ерекше гастрономия, спорт әлемі және қаланың ең көрнекті жерлері ұсынылады.

"Ұлы дала жүрегі" фотокөрмесінің мақсаты – әлемге әйгілі шетелдік және отандық фотографтардың объективі арқылы Нұр-Сұлтанның жан-жақты келбетін көрсету.

Іс-шара барлық санитарлық нормаға сәйкес өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережені қатаң сақтау, маска тағу, арақашықтықты сақтау және санитайзерлер қолдану керектігін еске салады.

Айта кетейік, www.nursultankorme.kz сайты арқылы әлемнің кез келген нүктесінен онлайн режимде Қазақстан астанасының суреттерін көруге болады.

Жаңалықтар
0