Рекорд орнату үшін 6 сағат 42 минут жұмсалды. Спортшы бір секунд та тоқтаған жоқ.
"Керемет сезім, айтып жеткізу мүмкін емес. Алдағы күндері менде демалыс болатыны сөзсіз. Жолды 6,5 сағатта өттім", - деді спортшы.
Оның жиырма рет көтерілуі Қазақстанның рекордтар ктабына енді. Адым саны, биіктіктің ауысыуы дән өзге параметрлер арнайы гаджеттер - смарт сағат, адым мен пульс өлшегіш көмегімен есептелді.
"Денсаулық баспалдағы" Алматыдан 25 шақырым жерде теңіз деңгейінен 1 733 метр биіктікте орналасқан.
Бөгетке апарар жол 842 баспалдақтан тұрады. Оны тоқтаусыз жүріп өте алатындар кемде-кем.