Спорт

"Канело" Головкинмен 2021 жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізуге келісті

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамыр айында кездесу өткізу үшін DAZN стримингтік қызметі "Канелоға" ұсынған үш нұсқаның біріншісінде қазақстандық Геннадий Головкин тұр

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Екінші ауыр салмақтағы WBC және WBA (Super) нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес рингке оралуға шешім қабылдады.

27 ақпанда Альварес Мексикада WBC нұсқасы бойынша міндетті үміткер түрік боксшысы Авни Йылдырыммен кездесетіні ресми түрде хабарланды. Егер мексикалық боксшы жарақат алмаса, онда ол DAZN платформасы аясында 2021 жылдың мамыр айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

BoxingNews24 хабарлауынша, мамыр айында кездесу өткізу үшін DAZN стримингтік қызметі ұсынған үш нұсқаға "Канело" келісім берген. Оның біріншісі – қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек, екіншісі – WBO чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен және IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек.

Оқи отырыңыз: Головкин титулдарын қорғап, рекорд орнатты – жекпе-жек видеосы

Айта кетейік, Головкиннің "Канеломен" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы тең аяқталған. Ал 2018 жылғы екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.

19 желтоқсанда қазақстандық боксшы поляк Камиль Шереметке қарсы жекпе-жек өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, GGG орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын қорғады.

Жаңалықтар
0