Өңірлер

Атырау облысында сушиден уланған науқастар саны көбейіп жатыр

© Sputnik / Дмитрий Чеботаев / Медиабанкке өтуСуши
Суши - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындардың айтуынша, 24 желтоқсанда олардың барлығы "Үш самурай" дәмханасына тапсырыс берген

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында сушиден жаппай уланғандар адамдардың саны 29 адамға жетті. Олардың бәрі де медициналық мекеме қызметіне жүгінген. Ал дүйсенбіде дәрігерлерге шағымданғандар саны 16 адам болатын.

"27-28 желтоқсан күндері Жылыой ауданындағы орталық аурухананың қабылдау бөліміне 29 адам жүгінді. Науқастардың барлығында диарея, лоқсу, жүрек айнуы мен құсу сияқты жалпы әлсіздік болған", – деп хабарлады жергілікті "Мой город" басылымы.

Жылыой ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев оларға тамақтан улану диагнозы қойылғанын айтты.

"Төрт науқас ауруханаға жатудан бас тартты. Тағы төртеуі амбулаториялық емделу үшін үйге жіберілді. 21 науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, тиісті ем қабылдауда", – деді Үкібаев.

Жалпы, ауруханаға жатқызылған науқастардың хәлі орташа ауыр жағдайда.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары бұл факті бойынша тергеу жүргізуде.

Тұрғындардың айтуынша, олар 24 желтоқсанда "Үш самурай" дәмханасынан суши жеген. Бүгінгі таңда қоғамдық тамақтану орнының қызметі тоқтатылып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі материалдар жинақталуда.

Оқи отырыңыз: Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты

Айта кетейік, 28 желтоқсанда Құлсары қаласында азаматтардың жаппай уланғаны белгілі болды. Кеше орталық аудандық ауруханаға диарея, жүрек айну, құсу шағымымен 16 жергілікті тұрғын жатқызылған.

Жаңалықтар
0