Оқиға

Алматыда дүкенге келген ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған адамға қатысты қылмыстық кодекстің "қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Алматыда шетел азаматы екі дүкенге қарулы шабуыл жасады, деп хабарлады Polisia.kz хабарлады. 

Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, пышақ көрсеткен, кассадан ақша талап еткен. Суық қарудан қорыққан кассадағы сатушы барлық ақшаны берген.

Жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. Оқиға таңғы алты шамасында болды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, "Буран-134" экипажы дабыл сигналын бірінші болып қабылдаған. Содан кейін қылмыс болған маңды тексеріп шыққан.

Күдікті санаулы минутта қолға түсті.

"Аулалардың бірінен іздестірілген адамға ұқсас жас жігітті ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді, өз қылмысын бірден мойындады", - деп хабарлады полиция.

Ол Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Күдікті өзіне шұғыл түрде ақша қажет болғанын айтты.

"Ұсталған адамның аз уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі ("қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Жаңалықтар
0