Қоғам

Оқушылар арасында инфекция жұқтырғандар саны өсіп жатыр – министрлік

© Sputnik / Ирина АдамоваШкола в здании бани
Школа в здании бани - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы оқу жылының басынан бері 3 658 оқушыдан коронавирус анықталды, олардың басым бөлігі қашықтан оқыған

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқушылар арасында инфекция жұқтырғандар артып жатыр. Оқу жылы басталғалы бері 3 658 оқушы инфекция жұқтырды. Оның ішінде 994 бала кезекші сыныпта оқыған, бұл офлайн режимде оқитындардың жалпы санының 0,1%-ын құрайды. Сонымен қатар қашықтан оқыған 2 664 бала ауырды", - деді Шоранов брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды  

Ол сонымен қатар Қазақстанның коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта екенін айтып өтті. Ал елімізде үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға (9, 11 және 12-сыныптар) аралас оқытуға рұқсат беру жоспарланып отыр.

"Оқу жылының екінші семестрінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері штаттық режимде оқиды", - деп толықтырды вице-министр.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы Қазақстанға оқытудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Биыл оқу жылы қашықтан басталды. Қыркүйекте  офлайн режимде тек 1-5 сынып оқушылары мен 180 балаға дейінгі оқушысы бар мектептер ғана оқыды.

Екінші тоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына 300 бала оқитын мектептер ауыстырылды. Кезекші сыныптарда 1-5 сыныпқа дейін және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға рұқсат берілді.

Жаңалықтар
0