АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің хабарлауынша, пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.
28 желтоқсандағы ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 22 480 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 10 358 адамда инфекцияның бар-жоғын анықтауға арналған сынама оң нәтиже көрсетті.
Науқастардың ішінде 5 058 адам стационарларда, 17 422 адам амбулаториялық емдеуде жатыр.
Сонымен қатар науқастардың арасында 245 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, 48 адамның жағдайы аса ауыр. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.