Қоғам

COVID-19: Қазақстанда науқастардың 90%-ке жуығы сауығып шықты

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда пандемия басталғалы 150 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 87%-ке дейін өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аурудан жазылғандар саны 87%-ке өсті, ал маусым-шілде айында бұл көрсеткіш 60%-дан аспады. Елімізде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін ерекше атап өтемін", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов.

28 желтоқсанда республика қауіптілігі төмен аймақтан орташа тәуекел аймағына, яғни "жасылдан" "сары" аймаққа көшті.

Оқи отырыңыз: Оқушылар арасында инфекция жұқтырғандар саны өсіп жатыр – министрлік 

Шорановтың айтуынша, қауіптілігі жоғары "қызыл" аймақта Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары бар.

Ал коронавирустың таралуы бойынша  "сары" аймақта немесе орташа тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

Жаңалықтар
0