АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жаңа жылдық мерекелерде қоғамдық көліктер әдеттегідей режимде – сағат 23:00-ге дейін жүреді.
Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысын шектеу жоспарланбағанын хабарлады.
Минус 43 градусқа дейін аяз: Қазақстанда Жаңа жылда ауа райы қандай болады
Қалада автобустар, троллейбустар мен метро 31 желтоқсан мен 4 қаңтарды қоса алғанда әдеттегідей режимде – 6:00-ден 23: 00-ге дейін жұмыс істейді.
Қоғамдық көліктерге маскасыз кіруге тыйым салынады.
Айта кетейік, 1, 2, 3 және 4 қаңтарда Нұр-Сұлтанда да автобустар сағат 23:00-ге дейін жүреді.