НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан - Sputnik. Диетолог маман Жаңа жыл кешінің денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай тамақтану керектігін айтты.
Ең алдымен, әр отбасы мерекелік дастарқанға әзірлейтін дәстүрлі салаттардың құрамын өзгерту қажет. "Оливье" салатына пісірілген дүкен шұжығының орнына тауық төсін немесе сиыр етін қосуға болады.
"Ал қызылша, картоп, сәбіз, жұмыртқа және балықтан әзірленетін салатты картоп орнына алмамен жасаған жөн. Екіншіден, салатқа майонезбен емес, сұйық май, лимон және жұмыртқа сарысынан жасалған қоспамен дәм беруге болады", - деді Ирина Дядикова Ura.ru-ға.
Сондай-ақ, дәрігер мандаринді көп жемеуге кеңес беріп отыр. Өйткені көп мөлшерде оның шырыны зиян. Маман жүзім мен жаңғақ жеген дұрыс екенін жеткізді.
Дядикова алма қосылған үйрек әзірлеуге болатынын айтты. Ол алманы үйректің ішіне емес, жанына қойып пісірген әлдеқайда дұрыс деп отыр.
Тағы бір ереже - жаңа жылдық дастарқанда тұздалған, маринадталған өнімдер, мейлінше, аз болуы тиіс. Тұз бен уксус көп болса, бет пен дене ісініп кетеді.