НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Модель Джорджина Родригес шапанмен түскен суретін желіге жүктеді.
"Өзбекстаннан әкелінген, қолдан жасалған", - деп жазды ол Instagram-да.
"Ол, ең алдымен, "Қазақстан" деп жазған. Кейін "Өзбекстанға" өзгертті", - делінген суретке жазылған пікірде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Джорджина Родригес – италиялық "Ювентус" клубы мен Португалия құрамасының футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі. Олар 2016 жылдан бері кездесе бастады. 2017 жылы Алана-Мартина есімді қызы дүниеге келді. Роналдудың 10 жасар ұлы мен суррогаттық жолмен туған Ева және Матео есімді егіздері бар.
2018 жылы Криштиану Роналдуға Женевада қазақ шапаны сыйға тартылған болатын. Сыйлықты "Теңізшевройл" мұнай өндіру компаниясы ұсынды. Эксклюзивті шапан өте жылдам жасалды, деді ақтаулық сән үйі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram