НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Башқұртстанда ер адам әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін екі баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды iz.ru.
Қайғылы оқиға 26 желтоқсанда болды.
Дәл сол күні Уфа полицисына марқұмның жұбайы балаларының жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Айтуынша, ол күйеуіне көзіне шөп салғанын мойындаған. Мұны естіген ер адам балаларды киіндіріп, көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Көп ұзамай құқыққорғаушылар Давлекановский ауданында ер адамның автокөлігін тапты. Көліктің ішінде отағасы мен бір және алты жастағы екі баланың денесі жатқан. Алдын ала болжам бойынша бүлдіршіндер газдан уланған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.