Биыл Алматы әкімдігі жаңа жылға орай көшелердің безендірілмейтінін айтты, оған бөлінген ақша коронавируспен күреске жұмсалады. Сонымен қатар биыл мерекелік отшашу болмайды. Қаланың ішінде төрт шырша орнатылды.
Алайда кәсіпкерлік нысандар мен мейрамханалар, сауда ойын-сауық орталықтары жыл сайын дәстүрге айналған безендіру жұмыстарын жүргізді. Шыршалар орнатылып, қала халқы мен қонақтарына мерекелік шаттық сыйлауда. Шырша маңында фотоға түсіп жатқандардың да қарасы қалың.
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы көшелерін аралап, тұрғындардың жаңа жылдық көңіл-күйін фотоға түсірді.

1/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы көшелері жаңа жыл қарсаңында жарқырай түсті, мейрамхана мен ойын-сайық орталықтары қонақтар үшін безендіру жұмыстарын жүргізді.

2/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көшелерді жарқыратып, дәмханалар маңына шырша қойып, оны жаңа жылға безендіру мерекелік дәстүрге айналған.

3/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жаңа жыл жақындаған сайын қазақстандықтар әлеуметтік желіде шырша мен иллюминация жанында түскен фотолар жариялай бастайды. Алматыдағы алтын түстес бұғы жыл сайын қала тұрғындарын қуантып келеді.

4/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жаңа жыл – ғажайыпқа сеніп, армандар орындалатын кезең. Ел арасында жылды қалай бастасаң, дәл солай өткізесің деген түсінік бар. Сол себепті мереке қарсаңында қала басқаша түрге енеді.

5/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Астана алаңына орнатылған шыршаның жанына "Біз біргеміз" ұранды сөзі жазылған. Қаланың ескі орталығында тұратындар жаңа жыл қарсаңында осы шыршаның маңына жиналады.

6/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алайда жаңа жылда қалада топ болып жүруге болмайды. Карантин талабына сәйкес, 10 адамның бірге жүруі жаппай жиналу болып саналады.

7/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Көшедегі жаңа жылдық безендіру қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Ал жастар декорация жанында фотоға түсіп жатыр.

8/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы әкімдігі жаңа жыл қарсаңында көшелердің безендірілмейтінін айтты, алайда нысан иелері өздері жаңа жылдық безендіруді қолға алған.

9/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Мегаполисте жаңа жылда мерекелік отшашу болмайды, оған бөлінген қаржы коронавирус пандемиясымен күреске жұмсалады.

10/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы әкімдігі шыршаларды орнату мен көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлмегенімен, қала ішінде төрт жаңа жылдық шырша орнатылатынын айтты.

11/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда ауа райы салқын болғанына қарамастан қала тұрғындары сиыр жылын қарсы алуға дайындалып жүр.

12/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Esentai Mall маңындағы Аяз ата бас киімі

13/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Кей нысан қала тұрғындары мен қонақтарына фотоға түсуге арнап арнайы безендіру жұмыстарын жасаған

14/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Мерекені әр ел әртүрлі тойлайды. Адамдар жаңа жылдан жақсылық, табыс пен қуаныш күтеді.

15/15
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жаңа жыл жақындаған сайын қала іші жарқырай түсті.
